"Қазақстан халқына" қоры арнаулы топ өкілдеріне мыңға жуық білім грантын бөлді

30 Шілде 2023, 12:55 1244

"Қазақстан халқына" қоры 850 білім грантын бөлетін болды. Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ, оқу мерзімі ішінде 40 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді. Білім беру грантына кімдер үміткер бола алмақ: 

-ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;

-жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-мүгедектігі бар азаматтар;

-мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

-2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

-2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;

-төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

Бағдарламаға қатысушы 29 жастан аспаған болуы керек. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде жыл сайын төленбек. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: