"Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл" республикалық форумы өтті

Бүгiн, 16:32 159

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ашылуы және «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» республикалық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея ардагерлері, белгілі қоғам қайраткерлері мен сарапшылар қатысты.

Форум аясында еліміздің барлық Достық үйлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтауы оқылды. Алғыс айту күніне орай «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» ескерткіш тақтасының ашылуы өтті.

Форум барысында спикерлер ҚХА-ның құрылуы және оны құру идеясы туралы айта келе, Ассамблеяның 30 жылдағындағы маңызды жетістіктерге, Қазақстандағы бірлік пен келісімді қолдаудағы тарихи рөліне тоқталды. Сондай-ақ Алғыс айту күнінің маңызы мен мазмұны талқыланды.

Салтанатты іс-шара соңында ҚХА-ның жыл сайынғы «Қайырымдылық керуені» акциясының басталуы жарияланды. Ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ, «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Еліміздің барлық өңірінде күні бойы ҚХА 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған челлендждер, фестиваль-көрмелер, концерттер және басқа да іс-шаралар өтті.

Перизат Саденова
Бөлісу: