Қазақстан футболында дау туындауы мүмкін

25 Қаңтар, 09:28 1113

JAY Sport telegram-парақшасы Қазақстандағы Бірінші лига клубтарының арасында дау басталуы мүмкін екенін хабарлады, деп жазады El.kz 

Бұған дейін ҚФФ 2024 жылы Бірінші лигада шетелдік легионерлер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен футболшыларды тіркеуге тыйым салған болатын.

Жоспар бойынша Бірінші лигкда тек қазақстандықтар ойнауы тиіс.

Алайда Алматының «Хан-Тенгри» клубы Қазақстан азаматы болып табылмайтын төрт ойыншымен қолданыстағы келісімшарты барын мәлімдеген.

Атап айтқанда, «Хан-Тенгри» кореялықтар Жи Хун Парк пен Чан Ву Киммен, Стенли Нкобимен және ресейлік Иван Андреевпен келісімшарты бар және алматылық клуб оларды 2024 жылғы маусымға қоспақ ниетте. Кикілжіңнің болары анық, - делінген дереккөз мәліметінде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: