Қазақстан – Финляндия матчына билеттер 50 мың теңгеден сатылып жатыр

7 Қыркүйек 2023, 12:41 1569

Қазақстан – Финляндия матчы бүгін, 7 қыркүйек күні, елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл ойынды күтіп жүргендер көп, ал билеттер осыдан біраз уақыт бұрын-ақ толықтай сатылып кеткен. Кездесуге билет іздеп жүрген адам көп. Бірақ олардың біраз бөлігі алыпсатарлардың қолында секілді. Тиісінше хабарландыру сайттарында билеттер құны шарықтап тұр. Тіпті 50 мың теңгеден сатылып жатқан билеттер бар.

Оқи отырыңыз:

Мына хабарландыру иесі бес билетті осындай бағада сатып жатыр. Айтуынша, орындар өте жайлы жерде орналасқан.

Айта кетейік, Еуро-2024 іріктеу аясында Қазақстан құрамасы қыркүйекте өз алаңында екі матч өткізеді. 7 қыркүйекте Финлияндияны қабылдаса, 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен өзара кім мықтыны анықтайды.

Әзірге Магомед Адиев шәкірттері Н құрамасында 9 ұпаймен финдерден кейінгі екінші орында тұр. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: