Қазақстан ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысады

15 Қазан 2023, 00:13 1352

Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы – Солтүстік Македония сыртқы істер министрі Буяр Османимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сұхбаттастар 2023 жылғы 30 қараша – 1 желтоқсан аралығында Скопьеде өткізуге жоспарланып отырған ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің 30-отырысына дайындық барысын талқылады. Мұрат Нұртілеу қазақстандық делегацияның алдағы іс-шараға қатысуға дайындығын растады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ұйым кеңістігіндегі маңызды келіссөздер алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ рөлін нығайту бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.

Берік Арманов
Бөлісу: