Қазақстан құрамасының мүшесі Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Словенияда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов жеңімпаз атанды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол бүгін барлығы 5 кездесу өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті.
Өз тобынан үздік шығып, жартылай финалда Нажи Дэвидті (Венгрия), ал финалда Словения спортшысы Дэвид Старкелден басым түсті.
Айта кетерлігі, Еуропа кубогіне 29 елден барлығы 324 татами шебері қатысып жатыр.