Қазақстан дзюдошылары Азия кубогынан 5 жүлде иленді

20 Шілде, 21:47 826
 
Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия кубогынан 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тайпейде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы аяқталды. Оған 15 елден 135 татами шебері қатысып, аталған жарыста Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алды.
 
Оның ішінде Ермек Амангелді (73 кг) чемпион атанса, Айбол Нысанәлі (81 кг) күміспен күптелді. Ал Тілек Тоқтасынұлы (73 кг), Айдар Арапов (90 кг), Естай Ермұхан (-100 кг) қола жүлдені қанағат тұтты. 
 
Сондай-ақ, Қазақстан дзюдошылары Париж Олимпиадасындағы жарыс жолын 27 шілде күні бастайды. Ел құрамасынан алғашқы болып татамиге Елдос Сметов (60 кг) пен Абиба Әбужақынова (48 кг) шығады. 
Зарина Арман
Бөлісу: