Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатында екі жүлде иеленді

20 Сәуір, 16:43 843

Гонконгта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық Жанарыс Рахметқали мен Ғалия Тынбаева қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

66 келі салмақта сынға түскен ол кіші финалда командаласы Ғұсман Қырғызбаевтан басым түсті. Айта кететін жайт, Жанарыс Рахметқали ересектер арасында жеңіп алған алғашқы медаліне қол жеткізіп отыр. Ол бұған дейін жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын. 

Сондай-ақ, әйелдер арасында 48 келіде күрескен Ғалия Тынбаева (48 келі) қола медаль иеленіп, Абиба Әбужақыновадан басым түсті.

Ал 60 келіде Нұрқанат Серікбаев 5-ші, ал Елдос Сметов жетінші орынға тұрақтады.  

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: