Қазақстан дзюдо құрамасы Азия чемпионатында оныншы орынға жайғасты

Кеше, 19:03 361

Дзюдодан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында жекелей сын бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте оныншы орынға тұрақтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше күннен бері Бангкокта жалғасып жатқан турнир барысында отандық татами шеберлері 4 қола медаль иеленді. Ұлттық құрама былтыр да осындай нәтижені тіркеген еді. 

Әйелдер арасында 48 келіде Ғалия Тынбаева мен Бақыт Құсақбаева қола медаль иеленді. Ал ерлер құрамасынан 60 келіде Шерзод Давлатов пен 81 келіде Мейірлан Максим үздік үштіккке енді. 

Құрамалар бойынша Жапония көш бастаса, екінші орынға Өзбекстан құрамасы тұрақтады. Ал үштікті Оңтүстік Корея балуандары түйіндеді. Қытай 4-ші, Бахрейн 5-ші орынға жайғасса, алтыншы сатыға тәжік құрамасы ілінді. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: