Қазақстан «Дэвис кубогына» қатысатын құрамын жариялады

16 Тамыз 2023, 09:31 547

6-17 қыркүйекте теннистен Қазақстан құрамасы Софияда қонақта Болгарияға қарсы Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф матчтарын өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Юрий Щукин бастаған Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы келесі ойыншыларды таңдады: Александр Бублик (27 АТР), Тимофей Скатов ( 132 АТР), Михаил Кукушкин (243 АТР), Александр Недовесов (45 АТР), Андрей Голубев (74 АТР).

Болгария құрамасының ойыншылары: Григор Димитров (19 АТР), Димитар Кузманов (193 АТР), Адриан Андреев (201 АТР), Александар Лазаров (381 АТР)

Ойындар Болгария астанасында Ұлттық теннис орталығының ашық алаңында өтеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: