Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты – сарапшы

22 Қараша 2022, 10:56 2241

Енді Президенттен жақсы өзгерістерді күтеміз

Кезектен тыс өткен Президент сайлауының алдын ала нәтижесі белгілі болды. Еліміздің тарихында айтулы саяси оқиға жөнінде жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Тұрсынхан Қайыркен өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Сайлау нәтижесі біз күткендей болды. Қасым Жомарт Кемелұлының осы додада жеңіп шығарын сезгенбіз. Енді Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады деп есептеймін. Президент өзінің Жолдауларында өзекті мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, әділетті Қазақстан құру, халықтың билікке деген сенімін қайтару, ұлттың бірлігін нығайту, беделін қалыптастыру, заманауи ұрпақ тәрбиелеу, халықтың әл-ауқатын көтеріп, ұлттық өндірісті ұлғайту. Бұл бұрынғы жылдарға ұқсамайтын жаңа бағыт ашылғанын көрсетеді. Енді Президенттен жақсы өзгерістерді күтеміз», - деді ол.

Қали Жансая
Бөлісу: