Қазақстан чемпионатында әскери балуандар 7 медаль жеңіп алды

3 Ақпан, 22:30 786

Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Жекпе-жек" сарайында ересектер арасында грек-рим және еркін күрестен республикалық чемпионат өтуде. Жарыста әскери балуандар 7 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәдіметінше, спорттық додаға еліміздің жиырма өңірінен 600-ден астам спортшы қатысып жатыр. Жарыс қорытындысы бойынша Орталық спорт клубының спортшылары үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Қарулы күштердің қызметшілері Әлімхан Сыздықов 130 келіге дейінгі, Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі және ефрейтор Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейін салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Күміс жүлде Қарулы күштердің қызметшісі Мақсат Сайлауға бұйырды.

Мерзімді қызмет сарбазы Есбол Камалиев 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, Қарулы күштердің қызметшілері Ислам Умаев 97 келіге дейінгі және Диас Кален 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды.

Демалыс күндері еркін күрестен ерлер мен әйелдер арасындағы чемпиондар мен жүлдегерлер анықталады.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: