Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне қайта ауыса ма?

21 Мамыр, 14:32 14656

Үкіметтің баспасөз брифингінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтан тілшілер Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция жарияланғанын айтып, бұл мәселе қалай шешілетінін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, бұған дейін де бұл мәселе көтеріліп, петицияны жұмысқа алу үшін тиісті дауыс жинау керегі айтылғанын мәлім етті.

Өздеріңізге білетіндей, 50 мың дауыс қажет. Бұл бағытта тиісті алгоритм бар. Екі ай бойы осы мәселе қаралып жатыр. Алдымен петицияға қажетті дауыс жиналғанын күтейік. Одан кейін мәселені бекітілген тәртіп бойынша қарастыратын боламыз, – деді министр Арман Шаққалиев.

Министр бұл қоғамдық сұрақ болғасын, пікірлердің болатынын айтты.

Барлығымыз бір уақыт белдеуіндеміз. Алдымен петиция нәтижесін күтейік, – деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: