Қазақстан боксшылары Азия ойындарын 9-орынмен аяқтады

6 Қазан 2023, 09:07 516

Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары Азия ойындарында алтын медальсіз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан аламанда Қазақстан жалпыкомандалық есепте 9-орын алды. Еншімізге 5 медаль, оның ішінде 2 күміс және 3 қола бұйырды.

Алғашқы үштік:

Қытай - 9 (5-2-2);

Өзбекстан - 5 (3-0-2);

Қытайлық Тайбэй - 5 (1-2-2).

Қазақстан боксшыларының жүлделері:

Күміс

Қамшыбек Қоңқабаев (+92 килограмм)

Карина Ибрагимова (-57 килограмм)

Қола

Асланбек Шымбергенов (-71 килограмм)

Сағындық Тоғамбай (-92 килограмм)

Наталья Богданова (-66 килограмм).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: