2022 жылы елімізде кесілген гүлдер мен бүршіктердің саудасы 48,8 миллион долларды құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,7%-ға жоғары. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстаннан гүл экспорты 2022 жылы 10,1% өсіп, 2,7 млн АҚШ доллары болды.
Сондай-ақ, Қазақстан гүлдердің келесі эдей түрлерін экспорттайды:
- раушан –2,2 млн АҚШ доллары (үлесі 80,6%)
- гүл шоқтарын қалдыруға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 220,2 мың АҚШ доллары (8,2%)
- хризантема – 169,4 мың АҚШ доллары (6,3%)
- қалампыр – 111,8 мың АҚШ доллары (4,2%)
- лалагүл – 10,4 мың АҚШ доллары (0,4%)
- орхидеялар – 8,6 мың АҚШ доллары (0,3%)
- басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 760 АҚШ доллары (0,03%),
- ранункул – 331,2 АҚШ доллары (0,01%)
- гладиоли – 1 110 АҚШ доллары (0,004%).
Сондай-ақ, Қазақстанға гүл импорты 2022 жылы 9,7% өсті (46,1 млн АҚШ доллары).
Жалпы Қазақстан гүл импорты төмендегідей:
- раушан – 30 млн АҚШ доллары (65,2% үлесімен)
- хризантема – 6,2 млн АҚШ доллары (13,5%)
- гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 5,8 млн АҚШ доллары (12,6%)
- басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 1,4 млн АҚШ доллары (3,1%)
- лалагүлдер – 1,2 млн АҚШ доллары (2,7%)
- қалампыр – 1 млн АҚШ доллары (2,3%)
- орхидея – 241,3 мың АҚШ доллары (0,5%)
- ранункул – 79,2 мың АҚШ доллары (0,2%)
- гладиоли – 7,9 мың АҚШ доллары (0,02%).