Қазақстан барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын сөзсіз қолдайды

11 Қараша 2022, 13:14 1293

Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде айтты

Самарқанда өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның қызметін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді түрде дәріптеуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz. 

«Бесінші, түркі елдерінің рухани дереккөздерін зерделейтін жобаларға ерекше көңіл бөлгеніміз абзал. Биыл Түркі академиясы Моңғолияда жүргізген қазба жұмысының нәтижесінде маңызды жаңалық ашты. Екінші Түркі қағанатын қайта тірілткен Құтлық қағанның кешенін тапты. Бұл – «түркі» деген сөзі бар ең көне жазба ескерткіш. Осы орайда, мен Түркі халықтарының ортақ жазба мұрасын зерттеуге арналған «жол картасын» әзірлеуді ұсынамын. Ол үшін елдеріміздің мұрағаттары өзара ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Келешекте соның негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының «Цифрлық кітапханасын» құруға болады. Бұл жұмыс құнды құжаттар мен сирек кітаптарды ұрпаққа мұра етіп қалдыруға мүмкіндік берер еді», - атап өтті Мемлекет басшысы.

EL.KZ
Бөлісу: