Қазақстан Азия ойындарындағы төртінші алтынын алды

2 Қазан 2023, 10:20 897

Бүгін каноэ есуден 500 метрлік жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отандастарымыз аталған қашықтықты 1:49 минутта жүзіп өтті. Ұлттық құрама спортшылары Жапония мен Иран ескекшілерінің алдын орады.

Тәжірибелі Сергей Емельянов үшін бұл Азия ойындарындағы үшінші жүлдесі. Ол 2014 жылы Инчхон мен 2018 жылы Джакатада мың метрге жекелей жарыста күміс медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, Қазақстан бүгін каноэ мен байдарка есуден 1 алтын, екі күміс, екі қола медаль жеңіп алды.

Жалпы есепте 4 алтын, 7 күміс, 24 қола медальмен 13-орыннан 10-орынға көтерілдік.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Алмас Абылай
Бөлісу: