Қазақстан Азия ойындарында қай орында келеді

6 Қазан 2023, 16:28 998

Қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ханчжоуда өтіп жатқан аламанда ел қоржынына тоғызыншы алтын түсті.

Финалда жерлесіміз кувейттік Абдуллах Шабанды ұтты – 7:5.

Тоғызыншы алтыннан соң Қазақстан жүлделер кестесінде 11-орыннан 10-орынға көтерілді.

Қазір құрама еншісінде 9 алтын, 16 күміс және 41 қола медаль бар.

Көш басында Қытай тұр – 345 медаль (183-103-59), одан кейінгі орындарда Жапония — 159 (44-55-60) мен Оңтүстік Корея келеді — 165 (36-47-89).

Азия ойындары 8 қазанда аяқталады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: