Қазақстан Азиадаға қатысатын әйелдер бокс құрамын жариялады

23 Тамыз 2023, 15:00 1223

Қазақстан бокс федерациясы Ханчжоудағы Азия ойындарына қатысатын әйелдер құрамасын таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қытайда Назым Қызайбай (51 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Наталья Богданова (66 кг), Валентина Халmзова (75 кг) өнер көрсетеді.

Айта кетейік, жарыс 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында өтеді. 40 спорт түрінен медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстандық ту ұстаушылар – боксшы Асланбек Шымбергенов және жеңіл атлет Надежда Дубовицкая.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: