Қазақстан азаматтары Анкарада дауыс беріп жатыр

Бүгiн, 13:24 132

Қазақстандықтар Анкарада референдумға белсенді қатысуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Анкарадағы елшілігіне қарасты 20 астам провинциядан, оның ішінде Карабүк, Сивас, Самсун, Ескішехир, Кония, Кайсери, Күтахья, Афьон, Ушактан келіп жатқан азаматтарымыз АЭС-ке байланысты өз таңдауын жасауда.

Жалпы, күн соңына дейін мыңнан аса отандасымыз дауыс береді деп күтілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: