Қазақстан аумағы бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

27 Ақпан 2023, 09:14 1108

Қазгидромет синоптиктері 27 ақпан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан аумағының басым бөлігі бүгін ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашын жаумайды.

Тек атмосфералық фронттардың әсерінен республикамыздың батыс жартысында жауын-шашын жауып, көктайғақ болады.

Еліміздің қиыр солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады.

Республика аумағы бойынша тұман түседі, жел күшейеді.

Осыған дейін  Қазгидромет ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялағанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар елімізде бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды.

EL.KZ
Бөлісу: