Junior Eurovision 2022 халықаралық ән байқауында Қазақстан намысын Давид Чарлин қорғайтын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Хабар» телеарнасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Junior Eurovision 2022 халықаралық ән байқауының Гранд-финалы 11 желтоқсан күні Армения астанасы Ереван қаласында өтеді. Өнер бәйгесінде Қазақстан намысын биыл «Baqytty Bala-2022» IV халықаралық байқауының финалисі Давид Чарлин қорғайды. Қазақстандықтар тікелей эфирді 11 желтоқсан, сағат 21:00-де «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады.
Давид Чарлин жоба үшін арнайы жазылған «Жер-Ана» атты композицияны орындайды.
Айта кетейік, Қазақстан Junior Eurovision әлемдік ән додасына осымен бесінші мәрте қатысады. Бұл жолы елімізден басқа еуропалық 15 мемлекеттің жас әншілері бақ сынайды.