Қазақстан әскерилері жаңа дизайндағы формаға ауысады

7 Қаңтар, 18:44 1091

Қорғаныс министрлігі әскерилердің жаңа фасондағы форма үлгілерін таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қорғаныс министрінің «Әскери басқару органдарына, құрамаларға, бөлімдерге, әскери оқу орындарына тиесілігін білдіретін арнайы киім нысанының, айырым белгілерінің және оған тігілетін айырым белгілерінің, салтанатты, күнделікті, далалық және арнайы киім нысанына арналған жеңдік айырым белгілерінің, сыныптық мамандарға арналған белгілердің стилі мен түсін бекіту туралы» бұйрығының жобасы жасалды.

Бұйрықтың толық мәтінімен Ашық НҚА порталында танысуға болады. 

Жаңа құжат 16 қаңтарға дейін талқыда болады.

Жансая Әділбек
Бөлісу: