Қазақстан арқылы 8 халықаралық автомобиль дәлізі өтеді

5 Желтоқсан 2023, 11:00 1401

Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті. Үкімет басшысының айтуынша, олардың жалпы ұзындығы шамамен 13 мың шақырымды құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Негізгі күре жолдардың қатарында Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Солтүстік – Оңтүстік, ТРАСЕКА және басқаларын айтуға болады. Сондықтан аталған бағыттар бойынша жүк тасымалын ұлғайту және жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз ету үшін бұл саладағы кедергілерді барынша қысқарту қажет. Олардың қатарына шекарадағы кептелістер мен құжаттардың ұзақ рәсімделуін, инфрақұрылым сапасын, ұйымдастыру жұмыстарының нашарлығын және көптеген басқа да жайттарды   жатқызуға болады. Көлік иелерінен келіп түсетін шағымдар көбіне осы мәселелерге қатысты, – деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыруға рұқсат беретін бланкілерді бөлуде де проблемалар барын айтты.

Мұндай рұқсаттарды біз көптеген мемлекеттермен паритет негізінде алып отырмыз. Отандық жүк тасымалдаушыларға бланк беру механизмін қайта қарап, оларға артық талап қоймау қажет, – деді премьер-министр.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: