Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақмыс» кәсіпорнының мәліметінше, марқұм 1985 жылы туған.
Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты.Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды, - делінген хабарламада.
Жұмысшы қазасының мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
Компания басшылығы қаза тапқан жұмысшының отбасына қажетті көмек көрсететінін, оның ішінде жерлеу шығындарын да өтейтінін айтты.