«Қазақмыс» компаниясының бөлім бастығы ұсталды

15 Наурыз, 10:01 1050

«Қазақмыс» компаниясы заң қызметі департаментінің бөлім бастығы ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 наурызда Қарағанды облысының ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қауіпсіздік дирекциясы қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС заң қызметі департаменті орталық өңірі заң басқармасының шарттық-наразылық бөлімінің бастығы Азат Жұмабаевты ұсталған.

Оған Қазақстан Қылмыстық кодексінің «Бопсалау» бабы бойынша айып тағылды.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: