«Қазақмыс» кенішіндегі төтенше жағдайдың себептері он күн ішінде анықталады

19 Ақпан, 09:52 293

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың мәлімдеуінше, Ұлытау облысында орналасқан «Қазақмыс» кенішіндегі төтенше жағдайдың себептері алдағы 10 күн ішінде анықталатын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда шахтадағы барлық жұмыс процесі уақытша тоқтатылды. Тиісті тексерістер жүргізу және қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы екі комиссия құрылды. Бірінші комиссия – орын алған апаттың себептерін анықтаумен айналысады. Екінші комиссия – өндірістік қауіпсіздік техникасының сақталу деңгейін  зерттейді.

Қос комиссия да өз жұмыстарының нәтижелерін 10 күн ішінде ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізу де жоспарланып отыр, - деді ол.

«Қазақмыс» компаниясының өкілдері және мемлекеттік органдар бұл мәселені ерекше бақылауға алып, өндірістегі қауіпсіздік стандарттарының толық сақталуын қамтамасыз етуге ниетті.

Бұл оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер қосымша хабарланатын болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: