«Қазақмыс» компаниясының «Жайсан» кенішінде 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысындағы Ғ.Омаров атындағы шахта трестінің 1981 және 2002 жылғы қызметкерлері жарақат алып, қайтыс болған.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. "Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген компания мәліметінде.
Айта кетейік, өткен аптада «Қазақмыстың» қызметкерін конвейер қысып қалғанын жазған едік.