Қытайдағы Қазақстан Республикасының Туризм жылы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері Дэчжоу мен Ланфан қалаларында өнер көрсетті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдение шараға Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Елмұра Жаңаберген, Ардақ Балажанова, Салтанат Ахметова, Медет Чотабаев, Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Әділхан Макин, сондай-ақ «Гүлдер» және «Астана сазы» ансамбльдері қатысты.
Өнерпаздар дәстүрлі және заманауи ұлт мәдениеті мен руханиятын таныстырып, отандық композиторлар мен халық әндерін шырқап, қазақтың киелі қара домбырасы мен қылқобызы арқылы ұлттық өнерімізді Қытай жұртшылығына паш етті.