Қазақ журналистикасының тағылымды тарихы, ерекше қолтаңбасы бар - Президент

28 Маусым, 08:03 612

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті журналистер! Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында айрықша рөл атқарады. Баспасөз саласын дамыту, сондай-ақ журналистердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі, - делінген құттықтауда.

Қазақ журналистикасының тағылымды тарихы, аға буын қалыптастырған ерекше  қолтаңбасы бар екенін атап өтті.

Біз оның бай шежіресі мен ағартушылық дәстүрін барынша сақтауымыз қажет. Бүгінгі ақпарат саласының өкілдері осы сабақтастықты лайықты жалғастырып, өзіне жүктелген жауапты миссияны абыроймен атқарып келеді. Сіздер қай кезде де халыққа шынайы әрі жедел хабар таратып, кәсіби біліктіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Болашақта да елдік мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін. Баршаңызға бақ-береке, толағай табыс, шығармашылық шабыт тілеймін!, - деді Мемлекет басшысы.

Перизат Саденова
Бөлісу: