Қазақ жігіті сән салонына барып кірпігін өсірді

10 Қараша, 14:11 1460

Әлеуметтік желіде сұлулық салонына келіп, кірпігін өсіріп, қас тергізген жігіттің видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видеоның қай қалада түсірілгені белгісіз. Кадрдан ер жігіттің сән алонына келіп, кірпік өсіру процедурасын жасатқанын көруге болады. Одан кейін жігіт қасын да тергізеді. Ал видео соңында айнаға қарап, «Күшті болып тұр, маған ұнады» деді.

Желі қолданушылары жігіттің бұл әрекетін сынға алды.

«Ер азаматымыздың мынадай әрекетке барғаны өкінішті», «Жігіт боп кіріп, гейге ұқсап шықты», «Еркектен қатынға екі қадам», «Ер азамат деген атаққа лайық емес», «Әкең сендей ұлының бар болғанына жылаған шығар», «Әйелге ұқсап қалды түрі. Еркек еркек болып қалу керек», «Жетісіпті», «Енді жетпегені осы еді», - деді көпшілік.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қызықты видеолар😍 (@dubsmash_kaz)

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: