Қазақ ұлттық опера және балет театры 91 маусымын бастады

Бүгiн, 15:27 105

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өзінің 90-шы маусымын тарих бетіне өрнектеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қос мерейтойы – қара шаңырақтың 90 жылдығы мен Ахмет Жұбанов-Латиф Хамидидің «Абай» опералық спектаклінің 80 жылдығы тұспа-тұс келген маусым, естен кетпес мереке сыйлады. 

Көрермендер арасынан ұлтымыздың маңдайына біткен жарық жұлдыздары КСРО Халық әртісі және Мемлекеттік сыйлық иегері Бибігүл Төлегенова, Қазақ КСР Халық әртісі және Қазақ КСРМемлекеттік сыйлығының иегері Раушан Байсейітова, Қазақстан және Татарстан Халық әртісі Нұржамал Үсенбаеважәне басқа опера мен балет майталмандары, Қазақстандағы дипломатиялық елшіліктердің қадірлі өкілдері табылды. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры осылайша өзінің «Ғасыр алдындағы жаңа белесін» – 91-ші маусымын бастап кетті.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: