Қазақ тілінің жанашыры Асылы Осман ауруханаға түсті

19 Ақпан, 12:18 2607

Танымал қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Асылы Осман қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Коронавирус емес шығар. 2-3 күн үйде жөтеліп жатқан едім. Дәрігерлерім "короновирус өршіп жатыр, ауруханаға жатқызайық" деп қоймады. Қазір жақсымын, жөтелуді де қойдым. Бірақ түнде ұйықтай алмадым. Дәрігерлер жүрегімді тексеріп жатыр. Ем-домын қабылдап жатырмын. "Орталық клиникалық ауруханадамын", мұнда бәрі таза, жақсы. Бұйырса бейсенбі не жұма үйге шығатын шығармын, - деді ол Massaget.kz  тілшісіне.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: