Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданады

7 Қараша 2022, 16:03 1787

Бұл туралы Үкімет басшысының депутаттарға жолдаған жауабында айтылған

Заңға мемлекеттік тілді білмейтіндерді азаматтыққа қабылдаудан бас тартуды көздейтін түзету әзірленді. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды El.kz

«Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға мемлекеттік тілді, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмеуді азаматтыққа қабылдаудан және қалпына келтіруден бас тарту үшін қосымша негіз ретінде көздейтін, сондай-ақ қос азаматтығы фактілерінің алдын алуға бағытталған түзетулер әзірленді», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, аталған заңнамалық түзетулер Парламент депутаттары бастама жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша Парламент депутаттарының түзетулеріне, Үкімет қорытындысының жобасына енгізілді.

Бұған дейін Әлихан Смайылов азық-түлік бағасын реттей алмаған бірқатар шенеунікті жазалауды тапсырған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: