Осыдан үш күн бұрын пара биатлоннан 7,5 шақырымдық спринтте қола медаль еншілеген Ербол Хамитов тарихи алтынға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 12,5 шақырымдық қашықтықта қарсыластарын қапы қалдырып, чемпион атанды. Уақыт көрсеткіші - 35:29.01.Екінші орынды канадалық Дерек Заплатонский (35:36:3) еншілесе, ал үшінші орынды американдық Аарон Пайк (35:37:8) алды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты Словакияның Поклюка қаласында өтіп жатыр.