«Қазақ қыздары тек туыс еркекке тиюі керек»: бейнежазба желіні шулатты

17 Тамыз 2023, 10:10 1727

Танымал кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook әлеуметтік парақшасына бейнежазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Онда ер адам «қазақ қыздары тек туыс еркекке тиюі керек, сонда ғана қазақ текті болады» болады деп үндеу жасайды.

Бұл сөзге күйінген кәсіпкер ұрпағының осылай адасып кететінін білсе, бабаларымыз қандай құса болар еді дейді.

Ахметбек Нұрсиланың сөзінше, дінге кіргендер бұл ұстанымды қолдайды. Тек әзірге оны ашып айтуға қорқады екен.

Барлық қазақ осыны қолдайды, қолдауға мәжбүр. Өйткені бұл Мұхаммед пайғамбардан келе жатқан үрдіс. Бірақ бәрі бірдей белгілі уақытқа дейін ол ұстанымдарын ашық айта алмайды, әлі діңкештене қоймаған қазақ қоғамынан қорқақтайды, қарсыластарымызды көбейтіп аламыз ба деп те қорқады, - деді ол.

Кәсіпкер тіпті Мұхамеджан Тазабектің де мұндай ойды ашып айтқанын алға тартты.

Мен бір рет Мұхамеджан Тазабекпен дастархандас болғанда ол да «Біздің ауылдың жігіттері 30-ға келгенше, анау менің руласым, мынау менің туысым деп үйленбей жүр, ақымақтар, пайғамбарымыздан үлгі алмай ма» дегенін өз құлағыммен естіп едім, - дейді.

Кәсіпкер Мұхаммед пайғамбардың отбасы туралы да айтып берді.

Әли – Мұхаммедтің немере інісі және де күйеу баласы. Мұхаммед, қыздарынан Фатманы Әлиге, Умму Гүлсімді Османға (қазақша Оспан) береді. Мұндай жағдайда Әли мен Осман бажа болады.

Омар қызы Хафсаны Мұхаммедке береді. Яғни Омар Мұхаммедтің қайын атасы болып келеді. Мұхаммед жиені, күйеу баласы Әлидің қызын Умму Гүлсімді Омарға береді. Яғни Әли Омардың қайын атасы, Фатма қайын анасы болып келеді. Омардан айырылған Атикені Мұхаммедтің жиені Хусейн алады. Мұхаммед мұндай жағдайда Әлиiдің де, Османның (Оспанның) да қайын атасы болады.

Әли мен Осман бажа болып келеді. Мұхаммед Омардың жездесі, Омар болса Мұхаммедтің қайын атасы. Омар Әлидің күйеу баласы және Әли Омардың қайын атасы. Әли өзінің қайын атасы болған Мұхаммедтің қайын атасы Омардың қайын атасы... Ал енді осыны түсініп көр, - деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: