Қазақ-қытай шекарасы маңында жанармайға сұраныс артты

4 Тамыз 2023, 03:40 1530

Үржар ауданында жанар-жағармай қоры жеткілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдік мәліметінше, Үржар ауданында 14 жанармай құю стансасы бар (Үржар ауылында – 3 жанармай құю бекеті және 1 сұйытылған газды сатуға арналған жанармай құю станциясы, Мақаншы ауылында – 1, Ақжар ауылында – 3, Бақты ауылында – 1, Таскескен ауылы – 2, Қабанбай ауылы – 2 жанармай құю станциясы және 1 сұйытылған газды сатуға жанармай құю станциясы).

Қазіргі уақытта туристік маусымның қызған шағында автокөліктер санының көбеюіне (күніне шамамен 2500 автокөлік), сондай-ақ шекаралық аймақтағы көлік-логистикалық орталықтың жұмысына (күн сайын 120 жүк көліктері ҚХР жөнелтіледі) байланысты жанармайға сұраныс артты. Әсіресе АИ-92 маркалы бензинге сұраныс жоғары.

Бақты, Үржар ауылдарында және Таскескен-Бақты республикалық тас жолының 92 шақырымында орналасқан «PetroRetail» және «Helios» жанар-жағармай құю станса желілері компанияның Аягөз және Өскемен қалаларындағы мұнай базаларын үздіксіз жанар-жағармаймен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда облыстағы жанар-жағармай қоры: АИ-92 - 82,6 тонна; АИ-95 - 6,0 тонна; Дизель отыны- 92,5 тонна. Қазіргі күні ауданға: АИ-92 - 117,9 тонна, дизель отыны - 6,5 тонна келе жатыр.

 Айта кетсек, 30 шілдеде Қабанбай ауылында «Alem Trans Oil» ЖШС сыйымдылығы 30,0 текше метрді құрайтын жылжымалы модульді жанармай құю станциясы іске қосылды (соның ішінде АИ-92 – 15 текше литр, дизель отыны – 15 текше литр).

 Ауданда жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: