Қазақ-қытай бизнес-форумына 200-ден аса кәсіпкер қатысты

16 Тамыз 2023, 12:10 736

Қытайдың ірі экономикалық және өнеркәсіп орталығы саналатын Шэньчжэнь қаласының 200-ден астам кәсіпкері 2023 жылғы 14 тамызда қазақ-қытай бірінші бизнес-форумына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан-Қытай саудасына жәрдемдесу қауымдастығы мен Shenzhen Cross Supply Service Association бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру үшін болашақ қытайлық инвесторларды жинады.

Форумның ашылуында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин екі ел халықтары арасында қалыптасқан тығыс байланыстарын атап өтті.

Вице-премьер Қазақстанға тартылатын инвестициялардың негізгі үш бағытын айқындады. Біріншісі – логистика, ол қолданыстағы бағыттарды дамытып, жаңа бағыттарды ашуды, инфрақұрылым жүргізіп, жүктеу-түсіру орталықтарын ашуды көздейді. Осы бағыт ірі көлік операторлары үшін ерекше қызығушылық тудырады.

Бүгінде шекара маңында сауда-экономикалық хабтар, логистикалық орталықтар желісі құрылуда, олар әрі қарай кеңейту әлеуеті бар ЕАЭО және Орталық Азия елдерінің негізі болмақ. Қазақстанның әр облысындағы ерекшеліктерді ескере отырып құрылған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар бар. Оларға салықтық преференциялар пулы ұсынылып, арнайы құқықтық режим қолданылады. Салықтар мен баждарды төлеуден босату түріндегі инвестициялық преференциялармен қоса, жақында инвесторларға бастапқы кезеңде жүктемені азайтуға бағытталған инвестициялық салық несиесі енгізілді. Яғни инвесторларға корпоративтік табыс салығы және (немесе) мүлік салығы аясында төлемдерді үш жылға дейінгі мерзімге 100%-ға төмендету мүмкіндігі беріледі, — деді С. Жұманғарин

Вице-премьер инвестициялар үшін екінші бағыт ретінде өнімді терең өңдеуді, ал үшінші бағыт ретінде ауыл шаруашылығын атап өтті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: