Қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелісі: ҰҚК мән-жайды түсіндірді

18 Шілде, 20:36 537

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарада автокөліктердің кептелісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Қырғызстан шекарасында Алматы облысындағы «Кеген» өткізу пунктінде көлік құралдарының жиналуы шекаралас аймақтағы жол төсемін жөндеуге байланысты екенін алға тартты.

Басқа бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген.

Осы мән-жайларды ескеруді және мүмкіндігінше қозғалыс бағытын түзетуді сұраймыз, - делінген мәліметте.

Зарина Арман
Бөлісу: