Қазақ пен өзбектің боксында қандай айырмашылық бар? Бапкер жауап берді

13 Шілде 2023, 18:05 1328

Қазақстандық белгілі маман, спорт шебері Юрий Чернобровкин қазақ және өзбек бокс мектептерінің айырмашылығын атады, еп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ бокс мектебі Кеңес одағы кезінде де ерекшеленетін. Қазақ бокс мектебі дегініміз – таза бокс, құдды шахмат сияқты – аяқпен қозғаласың, ұрасың, алдайсың, қулық жасайсың. Сіз төбелесіп кетпейсіз, эмоцияға берілмейсіз. Әдетте жеңіле бастағанда, соққылар әлсірей бастайды. Біздің жігіттерде мұндай жоқ. Олар тактиканы өзгерте алады. Аяқпен жұмыс істеуді азайтып, екінші нөмірмен жұмыс істей бастайды. Бұл біздің жаттықтырушыларымыздың үлкен еңбегі, - дейді Чернобровкин.

Оқи отырыңыз:

Бапкердің сөзіне қарағанда, өзбектер физикаға көбірек көңіл бөледі. 

Өзбек бокс мектебі мейлінше талапшыл, физикаға баса мән беріледі. Олар физикалық тұрғыдан алғанда мықты. Бұл екі бокс мектебі тең дәрежеде, бірақ әрқайсысының ұтымды тұстары бар. Олар алға ұмтылады, үнемі қысым жасайды, ал біздің қазақ мектебі қандай да бір айла-амалмен, өздеріне шақыруға ден қояды. Құдды семсерлесу сияқты, - деді жаттықтырушы.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: