Қазақ-өзбек жастары форумында жұмысшы мамандықтардың маңызы талқыланады

Кеше, 16:19 329

Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, Түркістан қаласында «Достық көпірі» атты қазақ-өзбек жастарының форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік орган өкілдері мен жетекші мамандары, белсенділер және жас кәсіпкерлер қатысты.

Халықаралық кездесудің мақсаты – жұмысшы мамандықтардың дамуын талқылау, кәсіптік білім беру және жұмыспен қамту саласындағы негізгі мәселелер мен перспективаларды анықтау, сондай-ақ мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін көршілес елдер арасында ынтымақтастық орнату.

Форумға қатысушылар еңбек нарығына жасанды интеллекттің әсерін ерекше атап өтті. Олар жұмысшы мамандықтардың жаңа технологиялық жағдайларға бейімделуін талқылап, еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Брейнстормингтен кейін мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Жиынға қатысушылар Арыстан баб пен Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне барды. Сонымен қатар олар Этно ауылдағы Түркістан облысының жастары арасында ұлттық спорт түрлерінен өткен «Auyl Fest» сайысын тамашалады.

Перизат Саденова
Бөлісу: