Қазақ-өзбек шекарасында 4.9 балдық жер сілкінісі тіркелді

5 Қараша 2022, 10:00 2054

Алматыдан 683 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 5 қараша күні таңғы сағат 6-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 683 шақырым жерде, Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.3. MPV тербелісі – 4,9. Тереңдігі – 15 км.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: