"Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз". Толқын Забирова 26 жыл отасқан күйеуі туралы айтты

29 Тамыз 2023, 11:25 16878

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова алғаш рет күйеуімен түскен суретін жариялап, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Олардың отбасын құрғанына 26 жыл толған. Қазір 3 ұл тәрбиелеп отыр.

Бізді қосқан өнер жолы!  Махаббат пен өнер ұлтты таңдамайды...жүрек таңдайды Ия,ұлты қазақ болмағанмен,қазақ жерінде (Жамбыл облысы,Мерке ауданы) өмірге келді. Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз! Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздардың көбісі жолдасымның қолдауымен танымал болды. Аттарын айтпай-ақ қояйын,білетін адам біледі, - деп жазды Толқын Забирова.

Әнші жолдасын адамгершілігі мол,жаны пәк, жүрегі кең деп сипаттады.

Оданда,әр Ару,өзінің теңін тауып,бақытты болсын,деп тілейік! Таңдай соғып отырғандарға айтарым:"мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыз,мен бақытты әйелмін! Адамды ұлт арқылы емес,ісінен бағалау абзал, - деп жазды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tolkyn Zabirova (@tolkynzabirova)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: