Қазақ елі Түркиемен бірге I Elмен бірге #5 подкаст

20 Наурыз 2023, 22:58 2072

Биыл Түркия республикасына 100 жыл толады. Өкінішке орай жыл басталғанда Түркияда жер сілкінісі болды. Шығыны шамамен 84 миллиард доллар. Соған бей жай қарамаған отандастарымыз 15 миллион доллар көлемінде қаражат жинады. Ресми билік 1 миллион доллар көмек, 3 ұшақ гуманитарлық көмек жіберді. 

Анкарада Түрік Мемлекеттерінің Ұйымына мүше мемлекеттерінің жиналысы болды. Сол жерде Тоқаев пен Ердоғанның жеке кездесуі өтті. Былтыр Түркия мен Қазақстанның сауда айналымы 33%-ға өсіп, 6.3 миллиард доллар болды. Осы көрсеткішті жуық арада 10 миллиард долларға жеткізуге болады. Оған толық мүмкіндіктер бар. 

Себебі 3.1 миллиард долларлық 23 инвестициялық жоба іске асырылуда. Сонымен қатар құны 2 миллиардтан астам 60 тан аса жоба жобалар дайындалып жатыр. Саммиттің қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттер инвестициялық қорын құру туралы шешім қабылданды. 

Makhat Sadyk
Бөлісу: