Қазақ дзюдосы: Тарихты кімдер жасады

8 Желтоқсан, 17:18 520

Биыл қазақ дзюдосы үшін табысты жыл деуге болады. Олай дейтініміз Париж Олимпиадасы отандық татами шеберлерінің биік деңгейін көрсетіп, тарихи оқиғаны тіркеді. El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі осы орайда Жазғы Олимпиада ойындарына шолу жасап, қазақ дзюдо тарихына шолу жасап көрген еді.

Парижде өткен ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан үшін жалғыз алтынмен аяқталса да бұл доданың ел жанкүйерлері ұзақ жылдар бойы айтатын болады. Бұл сында Қазақстан ұлттық құрамасы 1 алтын, 1 қола медаль иеленді. Ерлер арасында 60 келіде белдескен Елдос Сметовтің алтыны ұлт спортының биік деңгейін анық байқатып, бұған дейін ел ұландарының қола жетпей жүрген чемпиондық атаққа ие болуы тарихи оқиғаға баланды.

Ұлттық құраманың тәжірибелі балуаны биылғы сынға бұрын болғамаған ерекше бәсекеден іріктеліп барды. Ел ішінде 60 келіде жоғары бәсеке тудырған Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаевтың ұзақ уақыт бойы рейтингте жоғары ұпай иеленуі Сметовке мәселе тудырды. Серікбаев 13, Шамшадин 17-орында тұрған кезеңде Елдос әлемдік рейтингте 35-ші сатыда болатын.

Мамыр айында Астанада өткен Гранд Слэм турнирінен кейін Сметовтің рейтингте жағдайы сәл жақсарды. Қола жүлде алған белгілі спортшы екі аптадан соң Дохада өткен әлем біріншілігінде Елдос Сметов қола үшін күресуге мүмкіндік алды. Алайда жаһандық біріншіліктің жүлдесі иелену жолында Сметовтің Жапонияның жас жампозы оңдырмай ұтты. Оңдырмағаны былай тұрсын, жауырынымен жер иіскетті.

Осыдан кейін жанкүйерлер арасында қызу пікірталас туындап, «60 келіде Париж Олимпиадасында кімнің күрескені дұрыс?» деген сұрақ туындады. Бірі Серікбаевты лайық десе, екінші тарап Шамшадиннің еңбегінің зор екенін алға тартты. Сметовтің жасының «егделігін» сөз етіп, жастар мүмкіндік беруді айтқандардың қатары өте көп болды.

Дегенмен, маусым айының басында спарринг өтті. Алматыда өткен іріктеу бәсекесі тікелей эфирде көрсетіліп, төрешілер шетелден келді. Бірінші айналымда Сметов пен Шамшадин күресті. Айласы күшті Сметов бүл сында мүлт кеткен жоқ. Андысып жүріп, ақыры алып тынды. Екіншк айналымда Шамшадин мен Серікбаев күресіп, екінші рет жеңілістің кермек дәмін татқан Мағжан Парижге қатысу мүмкіндігінен мүлде айырылды. Ал Серікбаев пен Сметов арасығанда белдесу өте тартысты өтті. Соңғы сәтте Сметов әдіс жасаған Серікбаевты алып соғып, Парижге баратын мүмкіндігін мүлд жібермеді. Сол сәтте белгілі бапкер, Елдостың жеке жаттықтырушысы көзіне жас алды. Бұл қуаныштың көз жасы еді.

Айта кететін жайт, үш балуанның арасындағы бәсекені өзара араздастырушылар да болды. Бұл теріс пиғылдағы нәрсе емес, балуандар арасында болатын спорттағы бәсеке ғана. Сол сынды Сметов өзінің татамидің әккі шебері екенін кезекті рет дәлелдеп, Парижге аттанды. Егер ол Олимпиада ойындарына іріктеусыз барғанда мұндай жоғары нәтижеге қол жеткіз пе еді... Себебі ішкі бәсекеде туындаған қызу тартыс Сметовті одан әрі шыңдай түсіп, Франция астанасындағы ойындарда мүлт кетпеуіне, оған дейін бір сәтке де босаңсытпағандай.

Қош, соңымен Париждегі ойындарда Сметов үшін жеребе жеңіл түсті дей алмаймыз. Алғашқы айналымдағы оның қарсысыласы болған Нидерланд балуанымен ол Токио Олимпиадасында қола жүлдені сарапқа салған болатын. Алайда сол жолы Сметов ұтқан. «Тісін қайрап» жүрген еуропалық балуан Парижде есе қайтаруы әбден мүмкін еді. Алайда сақ, әбжіл, қатулы, сымға тартылғандай шымыр болған Сметов байырғы қарсыласын кезекті кездесуді жеңе білді. Әрине, бұл сында әдіс жасап жеңіске жетудің реті келмеді. Сондықтан жеңімпазды қосымша уақытта анықтауға тура келді. Бұл сәтте Нидерланд балуаны аяқтан ұстаймын деп тыйым салынған әрекетке барғаны үшін қызыз қағаз алып, жарысты алғашқы айналымнан аяқтауға амалсыз мәжбүр болды.

Екінші белдесуде Сметовпен күрескен Украина ұлттық құрамасының өкілі Дильшод Халматовты осал балуан деуге болмайды. Бұл сында Сметов оны ойнап жүріп ұтты деуге болады. Оңтайлы сәтте нәтижелі әдіс жасап, ұтып кетті. Осымен екінші белдесуінде жеңіске жеткен Сметов ширек финалға шықты. Жартылай финал жолдамасын сарапқа салатын белдесуде ол Тайпей балуанын сан соқтырды. Тайпей спортшысы Токио Олимпиадасында күміс жүлде иеленген. Сондай-ақ, әлем біріншіліктерінің екі мәрте жүлдегері. Соған қарамастан Сметовпен ол терезесі тең белдесу көрсетті. Ал Елдос болса оған күтпеген жерден әдіс жасап, келесі кезеңге өтті.

Париж Олимпиадасында Елдос Сметов ерекше күресті. Өзінің айтуынша, төртжылдықтың басты ойындарына ерекше дайындықпен барған. Мұндай жаттығуларды ол өмірінде жасамаған көрінеді. Балуанның бұл сөзін құрамадағы әріптесі, жақын досы Ғұсман Қырғызбаев айтқан еді.

Жартылай финалда Елдос Сметов 2023 жылы әлем чемпионы атанған Франциско Гарригосты ұтты. Гарригос пен Елдос екеуі 2016 жылы Риода өткен Олимпиадаға бірге қатысқан. Испан балуаны Токиодағы ойындарға да қатысып, дода дуын көрген тәжірибелі балуан. Соған қарамастан қос спортты бір деңгейде күресіп, кездесудің негізгі уақытында өзара жеңімпазды анықтай алмады. Қосымша уақытта өте күрделі әдіс жасаған тараздық тарлан Олимпиада аренасын дуға бөледі. Осылай финалға шыққан жампоз спортшысы финалда татами иесі, франциялық этникалық гүржі балуаны Лука Мхидземен шеберлік байқасты. Ерекше, айтатын жайт, қос спортшы Токио Олимпиадасында қос қоланы иеленіп, тұғырда қатар тұрған еді.

Осылайша Фрацияның президенті келіп тамашалаған белдесуде Елдос Сметов ғаламат шеберлігін төрткүл дүниеге паш етті. Оны төрешінің қатар берген қос ескертуі тоқтата алған жоқ. Сметов сын сағатта нәтижелі әдісті жасады. Белдесудің соңғы минутында ол Мхидздені жартылай жеңіс ұпайына (ваззари) тастап, өзінің тегеурінді спортшы екенін анық көрсетті. Бұл Сметовтің қазақ спортындағы толағай табысы болғанымен қатар әлемде өзінің феноменге айналған дзюдошы екенін анық дәлелдеді. Оның жеңісіне қол соққан аренадағы 30 мың көрермен мен әлемдегі сан мындаған жанкүйер оның теңдессіз жеңісіне қол соқты.

Елдос Сметов дзюдо тарихында барлық жарыста чемпион атанған спортшы. Ол Олимпианың барлық жүлдесін иеленген әлемдегі санаулы спортшының бірі. Сметов Рио-де Жанейро Олимпиадасында күміс, Токиода өткен Олимпиадада қола жүлде алса, Париж Олимпиадасында алтыннан алқа тағынды. Бұдан басқа ол әлем чемпионы (2015), әлем чемпионаттарының қола жүлдегері (2019, 2022), Азия чемпионы (2016), Азия Ойындарының жеңімпазы (2014), атанған. Сондай-ақ, Гран При, Гранд Слэм турнирін ұтқан спортшы. Жастар арасында әлем және Азия чемпионы (2010).

Париж Олимпиадасында сенсация жасаған дзюдошының бірі Ғұсман Қырғызбаев. Жалпы, қазақ жанкүйерлеріне ағайынды Қырғызбаевтардың есімі әуелден таныс. Олар қазақ күресі арқылы көпшілікке танымал болып, кейін дзюдодан талай додада топ жарды. Соның ішінде Ғұмардан бөлек Ғұсманның жолы ерекше. Ол дзюдодан 60 келіде ұзақ жылдар бойы күресті. 2019 жылы Токиода өткен әлем чемпионатында Елдос Сметов екеуі қола жүлде үшін белдескен. Алайда сол жолы Елдос әккілігінің арқасында жеңіске жетіп, Қырғызбаевты кезекті рет ұтып кетті. Кейін Қырғызбаев 60 келіде Токио Олимпиадасының алдында Будапеште өткен әлем чемпионатында финалға шықты. 60 келіде барлық қарсыласын ұтқан ол финалға дейін жетіп, алайда шешуші сәтте ресейлік спортшының біріне есе жіберіп қойды. Елге күміспен келген ол сол жолы Олимпиадаға бара алмады. Себебі, бас бапкердің таңдауы төл шәкірті Сметовке түсері онсыз да анық еді.

Ғұсмна Қырғызбаев Париж Олимпаидасында ә дегеннен оңай қарсыласқа тап болған жоқ. Онымен жолы түйіскен Испания спортшысы 66 келідегі тәжірибелі балуанның бірі еді. Соған қарамастан отандасымыз Пиреней түбелінің өкілін қосымша уақытта таза ұтты. Ал екінші айналымда онымен түйіске Оңтүстік Корея балуанының есімінінің өзі қарсыласына жасытатын. Олимпиада ойындарында екі мәрте жүлде алған Ан Ба Улды Қырғызбаев 25 секундта ваззари әдісіне түсірді. Бұдан кейні кәріс спортшысы қанша тырысқанымен Қырғызбаев оған қарсы тәуір қауқар көрсете алды. Осылайша ол құраманың белді мүшесі ширек финалға сүрінбей өтті. Ал жартылай финал жолдамасын сарапқа салған франциялық Уалид Хиар қаншасы әдіс жасасаса қорғанысы мығым Қырғызбаев оны дегеніне жеткізген жоқ. Ал кездесудің соңғы секундында иппонмен жеңіске жетті.

Өкінішті сол, жартылай финалда Ғұсман сәл осалдық танытты. Жеңіске жететін мүмкіндігінің көп болғанына қарамастан шешуші сәтте жеңісті уыстан шығарып алды. Ғұсманның Бразилия балуанына қарсы қауқары да жетіп тұрды. Тіпті, деңгейі де биік еді. Алайда қосымша уақытта сәл ғана босаңсу оны орны толмас өкінішке көміп кетті.

Қола жүлде үшін күрес тіпті қиын болды. Бұл туралы Ғұсманның өзі былай еске алады: «Жартылай финалда жеңілген соң өзіме келу өте қиын болды. Психологиялық тұрғыда шашылып қалдым. Бапкерім қолдау көрсетіп, өзінің риза екенін атады. Бірақ кейін өкінбеу үшін қола жүлдені жеңіп алудың қажеттігін атады. Сол сәтте мен жиналып, Сербия спортшысын ұту үшін барымды салдым», - дейді Қырғызбаев.

Расында серб спортшымен күрес оңайға соққан жоқ. Бойы ұзын, физикалық жағынан мығым балуанды отандасымыз кездесудің соңғы минуттарында ұтып кетті. Осылайша Қырғызбаев еншілеген қола қазақ дзюдосында Олимпаидадан алған алтыншы жүлде болды.

Париж Олимпиадасы қазақ дзюдосының шоқтығын көтеріп, ел ішінде дзюдо секциясына ағылған жастардың көптігін көрсетті. Жасөспірімдердің өзі спортқа аса қызығушылық танытып, секция есігін айқара аша бастады. Бұл қазақ бапкерлерінің ерен еңбегінің өз жемісін беріп, биік тұғырға шыққан шәкірттерінің айтулы табысы.

Бұған дейін талай Олимпадада күрескен балуандардың тауы шағылды. Афины Олимпиадасында қола жүлдеге қол созым жерде тоқтаған Асхат Житкеевтің өкіні ел есінде. Алайда ол бұл олқылықтың орнын Париж Олимпиадасында толтырды. Финалға дейін небір әлемнің қарымды, бәсі биік балуандарын татамиде олай да бұлай да лақтырған Житкеев финалға шыққан қалың қазақ жанкүйері алтынның ауылы алыс емес деп алақынын ысқылап еді. Бірақ, бұйырғаны күміс болды. Ол шешуші белдесуде Моңғолияның Тувшинбаяр Найдангийнге сын сағатта есе жіберіп алды.

Одан кейі Максим Раков әлем чемпионы атанғанда «бұл бала Олимпиаданы ұтады» деп сөзсіз бәс тіккендер болды. Бірақ, екі Олимпиадаға барған Раков ұзаққа бармады.

2016 жылы Риода күміс алған Сметовпен бірге Моңғолиядан келген легионер балуан Отгонцэцег Галбадрахтың қоласы қазақ әйелдер дзюдосындағы алғашқы медаль болды. Сондай-ақ, Галбадрах Токио Олимпиадасына барғанымен жолы келте болды.

Токио Олимпиадасында Елдос Сметовтің жүлде алғанын біз жоғарыда қысқаша айттық. Сол жолы жартылай финалға жеткенімен, шешуші сәтте татами иесіне жол берген еді. Ал Париждегі жағдайы баршаңызға белгілі. Біз бұл жетістікті балаларымызға әлі талай уақыт аңыз қылып мақтанышпен айтарымыз сөзсіз.

Бұдан басқа қазақ дзюдосында әлем чемпионатында жүлде алып, талайға қол соқтырған оғландар жетерлік. Мәселен, қазақ дзюдосында әлем чемпионатының алғашқы жүлдесін 2001 жылы Асхат Шахаров иеленген. Бұл күнде Ақтөбе облысын басқаратын шенеунік жаңа ғасыр бастауында ұлттық құрамада табысты күресіп, 73 келіде еркін ойқастады. Ол Мюнхенде өткен әлем біріншілігінде қола медаль еншіледі. Бұл жүлде әлем чемпионаты бойынша Қазақстан спортшылары иеленген алғашқы жетістік. Сол сында екінші қола медальды Асхат Житкеев -100 келіде еншіледі. Осылайша қос сақлақ неміс жерінен елімізге толағай табыспен оралды.

Бұдан кейін қазақ дзюдосында ұзақ уақыт бойы жүлде болмады. Тек 2009 жылы Нидерландтың Ноттердам қаласында өткен әлем чемпионатында Максим Раков чемпион атанды. Бұл алтын қазақ дзюдосында ең алғашқы жоғары жетістікке баланды. Ал 2011 жылы Парижде өткен чемпионатта Раков финалға қиналмай шықты. Бірақ, шешуші белдесуде ол дағыстандық Тагир Хайбуллаевқа жол беріп қойды.

2013 жылы Рио-де Жанейрода өткен әлем чемпионатында Азамат Мұқанов айды аспанға шығарды. 66 келіде күрескен ол финалға шығып, күміспен күптелді. Иә, ол сол сында чемпион атануы мүмкін еді. Бірақ қарсыласының қолын ұстап, ауырсынғанына аздап босансып кеткендей көрінді. Кейін спортшы бұл болжамды растады. Мұқанов алған күміс жүлдені 2015 жылы Рустам Ибраев иеленді. 60 келіде белдескен Ақтөбе дзюдосының өкілі финалда өзіміздің мақтанышымыз Елдос Сметовке есе жіберді. Астанада өткен біріншілікке 60 келіде финалда қос саңлақ белдескен еді.

2017 жылы өткен әлем чемпионатында моңғолиялық легионер Отгонцэцег Галбадрахтың қоласымен көмкерілді. Отгонцэцег бұл жетістігін 2018 жылы Бакуде де қайталады. Бакудегі біріншілікте Ерлан Серікжанов 66 келіде қола медаль олжалады. 2021 жылғы біріншілік қазақ дзюдосы үшін Қырғызбаев алған жалғыз күміспен аяқталды. Ал 2022 жылы Ташкентте өткен біріншілікте Елдос Сметов өз тұғырына қайта шықты. Сол сында Сметов өзінің мансабында әлем біріншілігінің үшінші жүлдесін иеленді. Ал 2023 жылы біздің саңлақтар үшін әлем чемпионаты жүлдесіз аяқталған. 2024 жылы Олимпиада қарсаңындағы біріншілікте тек әйелдер арасында Абиба Әбужақынова қолаға қол жеткізді.

Өкініштісі сол Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында тәуір күресті. Атамекенінен алыстан жеткен балуан қыздың берері әлі де көп. Дегенмен, Францияда ала алмаған жүлдесі әлі күнге дейін жанкүйерлердің өзегін өртейді. Ширек финалға дейін жеткен отандасымыз жартылай финалға шығар сында есе жіберіп еді. Бірақ жұбаныш белдесуінде қайта жинақталып, қола үшін күресте Швеция балуананына алған жарақаты сыр беріп қолда тұрған қола медальді беріп қойды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: