Қазақ атын Еуропаға танытқан тұлпар

Бүгiн, 17:41 153

Бұл - Мейір Қыпшақпаевты марапаттау сәті. Қазақ жігітінің Prince Michael деген арғымағы Богдан Томашевский жүлдесі үшін өткен айтулы бәйгеде топ жарған. Бұл - Польшаның ат спортында алар орны ерекше дода. Польшадан бөлек бірнеше елдің өкілі үздік сәйгүлігін әкелетінін ескерсек, халықаралық деңгейдегі жарыс екенін түсінуге болады. Варшаваның Служевец ипподромындағы бәйгеге де біраз елдің үздік аты келіпті. Қазақ жігітінің тұлпары барлық қарсыласын шаң қаптырды. Бұл жаңалық қазақтың атсүйер қауымын бір серпілтіп тастады. Құттықтап, қуанып пікір жазғандар аз емес. Қазақ атын әлемге танытар жеңісіміз көп болсын!

EL.KZ
Бөлісу: