Қаза тапқан орманшылардың отбасыларына өтемақы қалай төленеді?

14 Тамыз 2023, 12:17 1042

Экология министрлігі қызмет барысында қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді іске асыру қағидалары мен мөлшерін әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман күзету міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі.

Қызметкердің, курсанттың мемлекеттік орман күзету қызметшінің отбасы мүшелеріне жұбайы, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады.

Ақшалай төлемді рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері, неке қию туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін) куәліктер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін.

Осы тармақта көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш ол берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс.

Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттардың толық әрі дұрыс ресімделуін тексереді және оның ішінде:

Жауапты құрылымдық бөлімше осы тармақта көрсетілген мәліметтерді жаңарту не нақтылау үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен немесе мемлекеттік органдардан қажетті құжаттарды сұратады және оларды жеке істің материалдарына қосады.

Жауапты құрылымдық бөлімше әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысын алғаннан кейін өтініш берген адамды қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

Ақшалай төлемді тағайындау қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуының себебі мен оның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі арасындағы тікелей себеп-салдарлық байланыс болған кезде жүргізіледі.

Қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуы мен оның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуінің  әскери-дәрігерлік комиссия шығарады.

Егер мемлекеттік орман күзеті қызметкердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі салдарынан қайтыс болуы:

Қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша әрбір отбасы мүшесіне ақшалай төлем қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша қызметшінің соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының 40 пайызы мөлшерінде іске асырылады.

Бұл ретте отбасының барлық мүшесіне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызынан аспауға тиіс.

Отбасы мүшелері үшеу және одан көп болған кезде әрқайсысына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызына тең үлес ретінде есептеледі.

Құжат жобасы 2023 жылғы 28 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: