Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталады

30 Сәуір, 12:49 658

Мәдениет және ақпарат министрлігі қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Құрметті атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін қолдауға бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 мамырдан басталып 2024 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады.

Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға құжаттарды хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, Мәдениет және ақпарат министрлігі кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайына жолдай алады.

Жеңімпаздар Парламент депутаттары, азаматтық және квазимемлекеттік сектор, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссияның шешімімен айқындалады.

Сұрақтар туындаған жағдайда мына нөмір бойынша хабарласуға болады: (87172) 740674. Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру ережелері туралы толығырақ төмендегі сілтеме арқылы білуге болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029542.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: