Қайырымдылық қордан ақша алу үшін блогер бір жастағы қызын ауру қылды

Бүгiн, 10:30 353

Австралиялық блогер қайырымдылық қордан ақша алу үшін екі ай бойы қызына улы препараттар берді деп айыпталуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ABC телеарнасының мәліметінше, әйел кішкентай қызын айлар бойы ауыр препараттар беріп азаптаған. Қыздың ауыр жағдайын суретке, бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіде бөлісіп отырған.

Полицияның айтуынша, 2023 жылдың 6 тамызы мен 15 қазаны аралығында әйел қызына заңсыз жолмен дәрі-дәрмектер берген. Сонык ішінде басқа отбасы мүшелеріне тағайындалған ескі рецепттерді қолданған. Тергеушілердің пікірінше, блогер баланы саналы түрде ауыр жағдайға жеткізді.

Денсаулығы  нашарлаған бала ауруханаға жатқызылды. Полицияның айтуынша, тағы ауыр препараттар қабылдаса, сәби ажал құшуы мүмкін еді. Қазіргі уақыттта әйел қамауға алынды. Әйел алған "қызын емдету үшін" алған 60 мың долларды қайырымдылық қорына қайтаруға міндеттелді..

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: