«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті

22 Қазан 2022, 12:32 1689

Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырды

Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті, деп хабарлайды El.kz.

Форумға 10-16 жас аралығындағы Республика бойынша тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар, көру, есту қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар, жалпы ауру салдарынан мүмкіндігі шектеулі балалар, түрлі жанрларда шығармашылықпен айналысатын балалар қатысты.

 Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық ұжымдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері,  орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, меценаттар, демеушілер, қайырымдылық ұйымдары мен қорлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, «Қоғамдық келісім» РММ сарапшылары қатысты.

 «Қайырымдылық керуені» республикалық форумы бастау алды.  Әр өңірден келген  100-ге жуық жастар форум бағдарламасына сәйкес қатысушылар-мүмкіндігі шектеулі балалар Шымкент қаласының қолдауымен қаланың көрікті жерлерін, қалалық хайуанаттар бағын аралады.

 Форумға қатысушылар қатарында Талдықорған қаласынан келген есту қабілеті бұзылған мектеп-интернатының әлеуметтік педагогі Елубайқызы Раушан өз сөзінде «Біз Шырайлы Шымкентте өтіп жатқан «Қайырымдылық керуені» форумына Талдықорған қаласынан келдік. Ең алдымен осы шараны ұйымдастырушыларға алғысымызды айтқым келеді. Бүгінгі күн балаларға қатты ұнап жатыр. Атап айтқанда қалалық хайуанаттар бағы балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады»,- деді.

Сонымен қатар Оқушылар сарайында «Балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның модераторы «Ұлттық делфи комитеті» корпоративтік фондының төрайымы Түспекова Құралай Айтқабылқызы өз сөзінде «Бүгінгі іс-шара өте жоғарғы деңгейде өткізілді, біз бұл іс-шарада әр өңірден келген  әріптестеріміз ойларын жеткізіп, өз мәселелерін талқылап, жаңа инновациялық методикаларымен бөлісті. Бұл жоба қазіргі заманға өте керек деп ойлаймын, Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі маңызды бағыттарды қолға алып, ілгерлету бағытында жұмыс істеп жатқанына өте қуаныштымыз. Бұл форум арқылы мүмкіндігі шектеулі балалармен дұрыс бағытта жұмыс жасаса, көңіл бөлсе, арнайы педегогтар жұмыс жасаса, олардың мүмкіндіктері қандай деңгейге жете алатындығын көрсете аламыз».

Сонымен қатар, Петропавл, Павлодар, Семей қалаларынан келген өкілдер арнайы мектеп-интернаттарындағы инклюзивті білім беру мәселелеріне тоқталды.

Дөңгелек үстелмен қатар Оқушылар сарайында балалар үшін арнайы «Бейнелеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Актерлық шеберлік», «Robopark» шеберлік сыныптарында мастер класстар өткізілді. Шеберлік сабақтарын арнайы білікті мамандар өткізді. Балалар өздеріне ұнаған сүреттер салып, актерлық шебер балалардың шығармашылыған көріп, робот және техника, IT саласымен танысты.

«Қайырымдылық керуені» ҚХА республикалық форумы мүмкіндігі шектеулі балаларға өз армандарына жүзеге асыруға мүмкіндік берді, мүгедектіктен туындаған проблемалары біраз уақытқа ұмытылды. Құрдастарымен қарым-қатынас, дені сау адамдардың қызығушылығы, басқалармен қарым-қатынас тәжірибесі-мұның бәрі мүмкіндігі шектеулі балаларға «барлығы сияқты емес» адамдарды қабылдауға әрдайым дайын емес әлемге сеніммен кіруге мүмкіндік берді.

Бөлісу: